Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та торнадо салдарынан 130 адам зардап шекті

АҚШ-та торнадо салдарынан 130 адам зардап шекті

АҚШ-та жойқын торнадоның салдарынан бір адам қаза болып, 130 адам зардап шекті. Бұл туралы The Associated Press жазды.

АҚШ-тың метеорологиялық қызметінің мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 264 шақырымға дейін жеткен.
Индиана, Колорадо, Огайо, Айова, Небраска и Иллинойс штаттарында торнадо салдарынан 68 мың үй электр қуатынсыз қалған.
Огайоның 3 округінде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар, Канзас-Ситидің халықаралық әуежайы уақытша өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
https://baq.kz
29 мамыр 2019 ж. 933 0