Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірі көз жұмды: Өзбекстанда 6 қазақстандық азамат жол апатынан зардап шекті

Бірі көз жұмды: Өзбекстанда 6 қазақстандық азамат жол апатынан зардап шекті

Өзбекстанның тасжолындағы алты қазақстандық азамат зардап шекті, олардың біреуі қаза болды.

Өзбекстанның Сырдария облысының Ташкент-Термез тасжолында жеңіл автокөлік пен КамАЗ қақтығысты.
"Оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті, олардың алтауы - Қазақстан азаматы. Оқиға орнында бір қазақстандық азамат көз жұмды. Зардап шеккендер арасында 2008 және 2010 жылы туылған балалар бар", - деп хабарлады СІМ.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан елшісі бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломаттар оқиға орнында отандастарға көмек көрсетуде.
"Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрліктері тікелей байланыс орнатқан. Өзбекстан тарапы Ташкенттегі медициналық мамандарды зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету үшін жіберді" - делінген хабарламада.
https://stan.kz



24 маусым 2019 ж. 673 0