Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Қытайдағы су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Қытайдың орталық Хэнань провинциясында су тасқыны салдарынан 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, Чжэнчжоу қаласында толассыз жауған жаңбыр бір күн бұрын су тасқынына ұласып, адам өліміне әкеп соқтырған. Іздестіру-құтқару топтары әзірге қаза тапқандардың 18 денесін тапты. Сонымен бірге 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Барлығы 200 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 
Әлеуметтік желіде таралған кадрлардан Чжэнчжоудың көшелері мен метро станцияларын су басқанын, көліктер су астында қалып жатқанын көруге болады.
Чжэнчжоу метеорологиялық басқармасы кейінгі 60 жылда мұндай жауын-шашын болмағанын айтады. Табиғи апаттан экономикаға 11,3 миллион доллар көлемінде залал келтірілген.
21 шілде 2021 ж. 571 0