Тұрғын үй өртеніп, 70-ке жуық адам қаза тапты

Дакканың тұрғындары өте тығыз тұрады. Көп ғасырлық тарихы бар Чавкбазар ауданының көшелері тар, ал ғимараттар бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан өрт шыққан кезде бірден кептеліс болып, көршілес ғимараттарды да жалын шарпыған. Қазір өрт ауыздықталып, жағдай бақылауға алынды.