Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Trump Tower-де өрт шығып, 1 адам қаза тапты

Trump Tower-де өрт шығып, 1 адам қаза тапты

Trump Tower ғимаратында өрт шығып, 1 адам қаза тапты, 4 адам зардап шекті. Өрт 50-қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан, деп хабарлайды Сегодня.

CNN телеарнасының деректері бойынша, өрт шыққан пәтерде 1 адам көз жұмған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін арашалап алып қала алмаған.

Сонымен қатар, өртті сөндіру 4 өрт сөндіру қызметкері жарақат алған. Олардың алған жарақаттары өмірлеріне аса қауіп төндіріп тұрған жоқ, атап айтқанда, 2 өрт сөндірушінің денелері аздап күйген деп мәлімдеді Манхэттен өрт сөндіру қызметінің басшысы Дэниел Нигро. Оның айтуынша, әзірше өрттің шығу себептері әлі анықталған жоқ.

Өрт көзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасы мүшелерінің ешқайсысы ғимаратта болмаған. 58 қабатты ғимаратта Америка көшбасшысының бизнес-империя орталығы орналасқан. 2016 жылы ғимаратта оның сайлауалды штабы орналасқан болатын. Қазіргі кезде Трамп отбасымен бірге Ақ үйде тұрады.
reactor.inform.kz
08 сәуір 2018 ж. 1 112 0