Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрмедегі бүліктен 46 адам қаза тапты

Түрмедегі бүліктен 46 адам қаза тапты

Венесуэланың Гуанаре қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
 
Тағы 50-ден астамы жараланған. Ақпарға қарағанда, сотталғандар күзетшілерге шабуыл жасап, абақтыдан қашуға талпынған.
Осыдан кейін әскерилер қару қолданып, тәртіпсіздіктер болған.
 
Қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Себебі ауруханаға жеткізілген қылмыскерлердің көбінің халі нашар.
 
Әзірге бүліктің неден туғаны белгісіз. Жергілікті адам құқықтарын қорғау ұйымының бірі 750 адамға арналған түзеу орталығында 2 жарым мыңнан астам қылмыскер жазасын өтеп жатқанын айтады.
02 мамыр 2020 ж. 729 0