Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты

Қытайдағы су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифинг кезінде Шаньси провинциясының билігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында 2-7 қазан аралығында жауған нөсер жауын салдарынан ауқымды су тасқыны жүріп, 120 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялауға тура келген. 1,7 млн астам адам жоғары қауіп аймағында қалған. Алдын ала есеп бойынша, 19,5 мың құрылыс қиралып, 18,2 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген. Тікелей экономикалық шығын 5 млрд астам юаньді құраған.
Шаньси провинциясында нормадан тыс жауған жаңбыр салдарынан 37 өзеннің суы тасып, автомобиль және теміржол қатынасы тоқтап қалған.

inform.kz
12 қазан 2021 ж. 636 0