Қытайда су тасқынынан 21 адам қаза тапты
Қытай орталығындағы Хубэй провинциясында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 21 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.Табиғи апат салдарынан, әсіресе, таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті.
Бір тәулікте бұл жерде 503 мм көлемінде жауын-шашын түскен. Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті. Сондай-ақ 2,7 мың құрылыс ғимараттары зақымданған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген. Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.










