Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағай соғып, 20 адам қаза тапты

Найзағай соғып, 20 адам қаза тапты

Дүйсенбі күні найзағай соғып, кем дегенде 20 адам мерт болды, тағы үшеуі зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Үндістанның Батыс Бенгалия штатында орын алған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сол күні Батыс Бенгалияда көптеген адам қаза тауып, зардап шеккен. Осылайша, Муршидабад және Хугли округтерінде ауа-райының қолайсыз жағдайы салдарынан тоғыз адам мерт болған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сол күні адамдардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасы мүшелеріне ақшалай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Әдетте, Үндістанда найзағайлы жаңбыр маусымы жыл сайын маусым айынан қыркүйекке дейін жалғасады.

kyzylorda-news.kz
08 маусым 2021 ж. 520 0