Үндістанда жүк көлігі тойға келген адамдарды басып кетті, 13-і мерт болды

Оқиға дүйсенбі күні кешкісін Пратапгарх округі Амбавали (Ambawali) елді мекенінде болған. Тасжолдың бойындағы той қызып жатқан кезде жүк көлігі адамдарды басып кеткен.
Телеарна хабарлағандай, зардап шегушілердің арасында қалыңдық та бар. Олар ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.