Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аляскада екі ұшақ құлады

Аляскада екі ұшақ құлады

13 мамырда АҚШ-тың Аляска штатындағы Джордж-Инлет бұғазында екі гидроұшақ апатқа ұшырадыАлдын ала мәлімет бойынша, он адам зардап шеккен және тағы үш адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ұшақтардың бірінде 11 адам, екіншісінде - бес адам болған. Ұшақтар Кетчикан қаласының солтүстік-шығыс бөлігіне жақын маңда судың үстіне құлаған.  Құтқарылған 10 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  "Әзірге зардап шеккендердің қандай джарақат алғаны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ, біз үш адамның мерт болғанын білеміз, тағы үшеуі іздестіріліп жатыр", - деді АҚШ-тың жағалау күзетінің басшысы Мэтью Шофилд. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.  Әзірге әуе апатының себептері белгісіз.
https://kaz.tengrinews.kz
14 мамыр 2019 ж. 722 0