Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды

Бастапқы мәлімет бойынша, Скрябин мұздығының ауданында теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер таудан құлаған тастар астында қалған.
Қырғызстан аумағында болған тасқұлама салдарынан Қазақстан мен Ресей туристері зардап шегіпті.
"Зардап шеккендердің төртеуі – Қазақстан азаматтары. Біреуі қаза тапты. Тағы бірі ауыр хәлде жатыр", — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
/sputniknews.kz/