Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады

Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады

Ыстықкөлде Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы жерге қонып жатқан кезде бір қырымен аударылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kabar-ға сілтеме жасап. «Бүгін, 2018 жылдың 9 шілдесінде Оңтүстік Южный Энильчек алаңында құтқару операциясын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің Ми-8 МТВ тікұшағы апатқа ұшырады», - деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі.
Аталып өтілгендей, тікұшақ жерге қону кезінде қатты желдің салдарынан сол жақ қырына аударылып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, 4 адам зардап шекті. Қазіргі таңда зардап шегушілер эвакуацияланып жатыр. 
inform.kz
09 шілде 2018 ж. 1 372 0