Үндістанда нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 50-ден асты
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ден асты деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы The Economic Times басылымы мәлім етті.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қираған ғимарат үйінділерінен тағы алты мәйіт табылған. Бесеуі хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі, 17 адам түрлі жарақат алған. Өлім жағдайларының көпшілігі үйлердің қирауынан болған деп айтылған.
Уттаранчал штатының Найнитал қаласында 28 адам қаза тапқан. Утаранчал штатынан Химачал-Прадеш штатының Киннаур ауданындағы Чхиткул ауылына бет алған 11 адамдық трекинг тобы нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан ресми түрде жоғалып кеткендердің қатарына кірмеді.
Үндістанның табиғат апаттарына қарсы ұлттық күштер Утаранчал штатының су басқан аймақтарындағы жүздеген адамдардың құтқарылғаны туралы хабарлады. 17 құтқару тобын Федералды күштер жіберді.