Үндістанда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 адам қайтыс болды

30 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар да бар.
Полицияның хабарлауынша, автобус жолаушыларды шектен тыс көп мінгізген.
Премьер-министр Нарендра Моди өзінің твиттердегі жазбасында, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандар мен қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай өтемақы төленетіні жайында жариялады.