Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Прагада ҰОКҚ семинары өтті

Прагада ҰОКҚ семинары өтті

Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы Чехияның Прага қаласында цифрлық коммуникациялар бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Pr және маркетинг Департаментінің бас менеджері Роза Жұмекенова қатысты. Сессияға бес құрлық пен екі құрлықтық конференциядағы 51 ҰОК-тен 74 өкіл жиналды.

Семинардың негізгі мақсаттарының бірі цифрлық өзара әрекеттесу саласындағы тиімділікті арттыру мақсатында идея, білім және тәжірибе алмасу алаңын құру болатын. Басты тақырып – 2024 жылы өтетін Олимпиада мен ойынның медиа-ресурстарда жариялануы.

Семинар барысында көрнекі таныстырылымдар арқылы бірнеше ҰОК өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге ұйымдастырушылар секциялық топтар серисын да өткізді. Оның барысында барлық делегат сессияның негізгі тақырыбына қатысты мәселелерді талқылау мүмкіндігін алды.

ҰОКҚ Парижде 2024 жылы іске қосылатын және ҰОК-терге өз платформаларында пайдалану үшін органикалық мазмұнды жасауға мүмкіндік беретін арнайы бейнежоба туралы толығырақ ақпарат берді.

Айта кетелік, спорт менеджерлерінің, жаттықтырушылардың және төрешілердің біліктілігін арттыру Қазақстан ҰОК қызметіндегі негізгі бағыттарының бірі.

Фото: baq.kz
01 маусым 2024 ж. 577 0