Cоттар әкімшісінің маманы ХҚКО-ның мамандары үшін семинар өткізді

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі мен мемлекеттік баж салығын төлеудің тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік баж салығының мөлшері АЕК-нің 50% мөлшерін құрайтындығы айтылды.
Апостиль қою туралы өтініштерді қабылдау кезінде операторлар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер бойынша ақпарат қорытылып, ХҚКО өкілдерінің назарына жеткізілді.
Сонымен қатар, соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндігі де айтылды.
Семинар тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға тиянақты жауаптар алды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі