Қызмет көрсету оңтайландырылған

Үкіметтің 18.09.2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қаулысына өзгерістер енгізіліп, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою функцияларын жүзеге асыруға өтініштер қабылдауды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыруға Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің аумақтық органдарына уәкілеттік берілді.
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 30.04.2015 жылғы № 239 бұйрығымен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы қызмет көрсету мерзімдеріне өзгерістер енгізіліп, құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап көрсетілген қызметті берушіге – 1жұмыс күні; облыстар, Алматы, Астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне- 1 жұмыс күні, басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 5 жұмыс күн болып өзгертілген.
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына мүше елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалығы мен дұрыс рәсімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету. Оңтайландыру процесі көрсетілетін қызметті алушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және апостиль қойылған құжаттарды барынша қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.
Т.Тлеубаева, Арал аудандық сотының
кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы,
Заңгерлер одағының мүшесі.