Азаматтардың құқықтарының қорғалуында халықаралық шарттарды қолданудың рөлі

Осының бір айғағы ретінде Арал аудандық сотында 2017 жылы қылмыстық істер бойынша 96, азаматтық істер бойынша 387, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 240 сот актілеріне «Нәсілдік кемсітушіліктердің барлық түрін жою туралы», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы» және «Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заңдарына сілтеме жасалып, сот шешімі қабылданған.
Мемлекетте соттардың халықаралық құқық нормаларын қолдануы-бұл ішкі мемлекеттік құқық жүйесі мен халықаралық құқық жүйесінің өзара әрекеттесуінің көрінісі. Халықаралық құқық үшін бұл – әрі жүзеге асырылу тәсілі, әрі прогрессивті дамуының алғышарты. Ал осының нәтижесінде халықаралық қауымдастық халықаралық құқықтық негіздерді нығайтады. Мемлекет үшін халықаралық құқықтық нормаларды соттардың қолдануына қажеттілік халықаралық міндеттемелерден туындайды және бұл өз кезегінде ұлттық заңнаманы жетілдіріп, құқықтық тетіктерді қызмет етуіне көмектеседі. Сондықтан бүгінде Қазақстан соттардың халықаралық құқық нормаларын қолдану белсенділігін арттыру мәселесіне көңіл бөлуде.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады делінген. Мұндай нормалар «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі N 1 Нормативтік қаулысымен де бекітілген. Қаулыда азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде
халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті екендігі айтылған. Бұл аталғандар Қазақстан Республикасында соттардың халықаралық нормаларын қолданылуы үшін құқықтық негіздер толық бар екендігін көрсетеді.
Қуатов Жандос Үргенішбайұлы
Арал аудандық сотының жетекші маманы,
Заңгерлер одағының мүшесі