Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер.

Мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметкердің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсетіп берді. Бұл қасиеттер-жоғарғы моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны іс жүзінде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным болып келеді. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің патриоты болуы және заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.Мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру- күрделі ұзақ процесс. Бұл үрдіс атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты.
Еліміздегі барлық саланы түгел қамтыған бес институционалдық реформадағы 15 қадам кәсіби мемлекеттік аппарат құру міндеттерін көздейді.
Аталған қадамдардың ең бастылары-мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде төменгі лауазымдарды реттеу және іскерлік қасиеттері негізінде жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру. Тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту-үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. Мемлекеттік қызметкерлерді жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. Шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекеленген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Жаңа этикалық ережелерді енгізу, мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін енгізу. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, жаңа заң негізінде іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу.
Осының бәрі мемлекеттік қызметте үлкен реформалардың күтіп тұрғанын көрсетеді. Бұл реформа қазіргі заманға сай өзгерістерді талап ететін құбылыс, өте қажетті нәрсе болып табылады. Мемлекет 2050 жылға дейін дамыған отыз елдің қатарына ену үшін бір орында тұрмауы керек. Өзгерістер, реформалар қажет, міне 100 қадам мемлекетке үлкен өзгерістер әкелмек.
Арал аудандық сотында мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне зор көңіл бөлінеді. Әсіресе, қазіргі уақытта қоғамдағы мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға мемлекет тарапынан пәрменді қолдау көрсетіліп отыр.
Ол кез келген орында, лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі тиіс. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық
жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі шарт деп ойлаймын. Менің көзқарасым бойынша, егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік қызметтің беделі мен имидждік келбеті халыққа жақсы жағынан көрінетін болатыны сөзсіз.
А.С.Сершеева.
Арал аудандық сотының бас маманы,
Заңгерлер одағының мүшесі 
11 маусым 2018 ж. 2 859 0