Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — ОРТАҚ ІС

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — ОРТАҚ ІС

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу–мемле­кеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейде, асқан жауапкершілікпен іске асы­рылуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесін­дегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қа­лыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Осыған орай, мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау–ең маңызды мәселе. Өйткені, мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы, сы­байлас жемқорлықпен күресу–жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, яғни, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Оны шынайы орындау үшін, әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстағаны жөн. Сонда ғана, олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеу­сіз дамуына үлес қоса алады.

А.ТЕМІРБЕКОВ,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің бас маманы.
23 қаңтар 2018 ж. 3 014 0