ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сондықтан да, әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.
Осы бағытта арнайы кездесу өткізген облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Ідірісов ең алдымен мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерге артылар міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты әңгіме қозғады.
Сонымен қатар, «Әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне ғана емес, олардың жұмыс және жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау стандарттары туралы да кең көлемде мағлұмат беріп өтті.
Мемлекеттік қызметшілер бас қосқан отырыста одан әрі қызметкерлердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына сәйкес ситуациялық мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заң нормаларына сай тиісті жауаптар ортаға салынды.
Иә, еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет - халыққа қызмет» - деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстану баршамызға ортақ міндет екені хақ.