Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайым мектеп мұғалімі қалай миллионер атанды?

Қарапайым мектеп мұғалімі қалай миллионер атанды?

Кез келген іске мұқият қарасаң, істің нәтижелі болатындығын америкалық Джорджия штатының мектеп мұғалімі дәлелдеді. Ол құжаттарды рәсімдеу кезінде ұсақ жазуды оқығаны үшін 10 мың доллар ұтып алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Tampa Bay Times  сайтының дерегін негізге ала отырып.
Флоридадағы Санкт-Петербург қаласында орналасқан Squaremouth сақтандыру компаниясы құпия жарыс өткізген. Олардың  шарттары бойынша, шетелге шығушыларға құжатты рәсімдеу кезінде,  ұсақ өлшеммен жазылған жазуды оқу керек.
59 жастағы мектеп мұғалімі Донелан Эндрюс  алғаш рет бұл байқауды 400 долларға сақтандыру қағазын сатып алар кезінде байқаған. Ол заңды құжаттарды мұқият оқи отырып, ондағы әдейі жазылған арнайы терминдерді байқап қалады. Ал компания ұйымдастырған жарыстың мәтіні берілген құжаттың жетінші бетінде болған.
«Құжатқа қол қоймас бұрын алдымен мұқият оқып шығу керектігін түсіндіру үшін біз осы байқауды ойлап таптық. Берілген ақпаратты басынан аяғына дейін оқуға келіскен адамды ынталандыру мақсатында оған ақша төледік. Құжаттағы ұсақ жазуды рет-ретімен бірінші болып оқып  шыққан адамға 10 мың доллар көлемінде сыйақымыз бар екендігін хабарладық» дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Жарысты жариялағаннан кейін араға 23 сағат салып мектеп мұғалімі ұйымдастырушыларға хабарласады. Ол үнемі ұсақ өлшемдегі жазуларды оқуға әдеттенгенін айтады. Бағы жанған Эндрюст ұтып алған ақшаға үйленгеніне 35 жыл толу мерейтойына орай Шотландия еліне саяхатауды жоспарлап отыр.
www.qamshy.kz
09 наурыз 2019 ж. 1 078 0