Үндістанда діни фестивальде кептелістен жүзден астам адам қайтыс болды

Hindustan Times бұл туралы штаттың полициясы мәлімдегенін жазды.
Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Хатрас ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Кептеліс фестивальге қатысушылар жиыннан соң діни көшбасшы Бхоле Бабоймен бірге шыққылары келіп асыққанда орын алған.
ТЖ орнында медицина қызметкерлері мен полиция жұмыс істеп жатыр.
Уттар-Прадештің бас министрі Йоги Адитьянатх қайғылы оқиғаға тексеріс жүргізілетінін айтты.
Сурет: ашық дереккөз