Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда жол апатынан 20-дан астам адам қаза тапты

Үндістанда жол апатынан 20-дан астам адам қаза тапты

Сенбі күні кешке Үндістанның солтүстігінде болған жол апатынан 20-дан астам адам, оның ішінде 10 бала мен 10 әйел қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Уттар-Прадеш штатының Канпур ауданында болды. Жолаушылар мінген көлік аударылып, тоғанға құлаған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, көлікте 50-ге жуық адам болған. Олар жақын маңдағы қаладағы ғибадатханадан үйлеріне қайтып келе жатқан.
02 қазан 2022 ж. 520 0