Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тунисте президент сайлауы 6 қазанда өтеді

Тунисте президент сайлауы 6 қазанда өтеді

2019 жылдан бері билікте болған президент Каис Саид сейсенбі күні Тунисте президенттік сайлау 6 қазанда өтетінін жариялады. Бұл туралы france24 сайты жазды.

Оның қайта сайлауға түсу-түспеуі әзірге белгісіз.

Каис Саид 2021 жылы премьер-министрі мен парламенті отставкаға кеткеннен кейін жарлықпен елді толық бақылауға алды, ал оның көптеген қарсыласы қазір темір тордың ар жағында отыр.

2022 жылы референдумда елдің жаңа конституциясы қабылданғанын айта кетейік.

«Республика Президенті бүгін, 2024 жылғы 2 шілдеде сайлаушыларды жексенбі, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін президенттік сайлауға шақыру туралы жарлық шығарды», - делінген Саид кеңсесінің хабарламасында.

Оның билікті басып алуынан туындаған саяси дағдарыс Тунис экономикасына ауыр зардап әкелді, жұмыссыздық 15 пайызды құрап, елдегі 12 млн адамның 4 миллионға жуығы кедейшілікте өмір сүріп жатыр.

Тунис Ұлттық журналистер одағының мәліметінше, БАҚ-ты басып-жаншу салдарынан 60-тан астам тілші, заңгер және саяси қарсылас қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
03 шілде 2024 ж. 320 0