Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы президент сайлауының бірінші турының нәтижесі белгілі болды

Түркиядағы президент сайлауының бірінші турының нәтижесі белгілі болды

Жоғарғы сайлау комиссиясы Түркиядағы президенттік сайлаудың бірінші турының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Комиссияның мәліметінше, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудың бірінші турында 49,24%, жеті оппозициялық партия атынан сайлауға түскен оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 45,07% дауыс жинады.

Resmi Gazete сайтының хабарлауынша, Түркиядағы сайлау қорытындысы бойынша Ердоған 26 млн 86 мың 102 дауыс, Кылычдароғлу 23 млн 873 мың 749 дауыс алды. AТА коалициясының кандидаты Синан Оганды 2 млн 796 мың 613 (5,28%), Мухаррем Инжені 0,41% сайлаушы қолдады. Сайлауға халықтың қатысу деңгейі 88,92% құрады, 1 млн 20 мыңнан астам дауыс жарамсыз деп танылды.

Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру қорытындысы бойынша Ердоған - 57,7%, Қылышдароғлу 39,6% дауыс алды. Сайлаушылардың шетелдік өкілдіктерінде және шекара бекеттерінде берген дауыстарын ескере отырып, қазіргі президент 49,52%, Кылычдароғлуды 44,88% дауыс алды деп айтуға болады.

Бұған дейін Түркияда президент сайлауы басталғаны хабарланған болатын.

Ердоған мен Кылычдароғлу екінші турға өтті.

20 мамыр 2023 ж. 297 0