Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда президент және парламент сайлауына дауыс беру аяқталды

Түркияда президент және парламент сайлауына дауыс беру аяқталды

Кеше Түркияда президент және парламент сайлауына дауыс беру аяқталды. Түркия ОСК төрағасы Ахмет Тернердің айтуынша, сайлау кезінде ешқандай келеңсіз жайттар тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Анадолы» агенттігінің мәліметінше, сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылған. Елде барлығы 191 885 дауыс беру жәшігі орнатылған.

Түркияда және шетелде 64,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді. Сайлаушыларға президент және депутаттар үшін 2 бюллетень берілді.

Орталық сайлау комиссиясы ақпан айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен елдің 11 провинциясында дауыс беру үшін қажетті шараларды қабылдады.

Шетелдік учаскелерде 3,4 миллионнан астам адам дауыс берді. Олар үшін 73 елде және 156 шетелдік өкілдікте сайлау комиссиялары құрылды. Түркияның шетелдік өкілдіктерінде дауыс беру процесі 9 мамырда аяқталды.

Президенттікке басты үміткерлер: 20 жыл билікте отырған Режеп Тайып Ердоған, 6 партия атынан кандидат болған Кемаль Кылычдароглу және коалиция өкілі Синан Оган. Ал төртінші үміткер Мухаррем Индже сайлауға үш күн қалғанда кандидатурасын алып тастады.

Сайлауға қатысу үшін 24 саяси партия және 151 тәуелсіз кандидат тіркелді. Егер үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда көпшілік дауысқа ие болмаса, 28 мамырда екінші тур өтеді.
15 мамыр 2023 ж. 433 0