Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғылықты жерінен жырақта жүрген қазақстандықтар қалай дауыс бере алады

Тұрғылықты жерінен жырақта жүрген қазақстандықтар қалай дауыс бере алады

Тұрғылықты жерінен басқа жерде жүрген қазақстандықтар 9 маусым күні президент сайлауында қалай дауыс бере алады деген сауалға жауап іздедік,

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлауда сол күні тұрғылықты жеріне келіп дауыс бере алмайтындар 9 маусым күні өзі болатын жерде дауыс бере алады. Сайлаушы басқа қала немесе елдімекенге кетсе, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. 
Аумақтық сайлау комиссиялары болса сол өңірге сайлаушылардың бірыңғай электронды тізіміне сәйкес сайлаушылардың жалпы санының 1% аспайтын есептен шығару куәліктерін дайындауды қамтамасыз етеді және бұл туралы бір күн ішінде ОСК-ны хабардар етеді. 
Қажеттілік туындаған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиялары ОСК-мен келісіп, дауыс беру күніне кемінде үш күн қалғанда қосымша есептен шығару куәліктерін дайындау туралы шешім қабылдай алады. Учаскелік сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін сайлаушының тіркелген орнына қарай үлестіреді және сайлаушылар тізіміне тиісті белгіні қояды.
Айта кетерлігі, бір елдімекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді. Мұндай куәліктер 25 маусымда басталып, 8 маусымда 18:00-де аяқталады. Сайлаушы немесе оның өкілінде сенімхат бар болса есептен шығару куәлігін алу туралы жазған өтініш негізінде жеке куәлігін көрсеткен кезде оған куәлік табысталады. 
Дауыс беретін күні осы куәлікті көрсеткен соң учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны оның келген орнындағы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді. Ал қолданылмаған есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сағат 18:00-ден кейін жоюы тиіс. Тиісті комиссия мұндай күшін жойған куәліктерді дауыс беру нәтіижесінен соң өзінен жоғары сайлау комиссиясына береді.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 978 0