Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту жалғасуда

Қызылорда облысында сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту жалғасуда

Бүгінге дейін эклектораттық семинарларға 29 топ бойынша 793 мүшесі қатысып, оларға сертификат табысталған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл өңірдегі түрлі деңгейдегі сайлау комиссиясы мүшелерінің 33 процентін құрап отыр. Олардың дені облыстық, аудандық, қалалық және аумақтық сайлау комиссияларының мамандары. Ендігі оқу-семинарлары учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне арнап ұйымдастырылмақ. Жалпы аймақ бойынша 2632 сайлау комиссиясының мүшесі, 366 сайлау учаскесі бар.  Абайбек Жүнісов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы: - Бұл семинар барысында негізгі қарастырылатын тақырыптар – сайлау заңнамасы, сонымен қатар сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, дауыс берудің мәселелері. Сонымен қатар қорытындылау мәселелері және сайлауды өткізу барысындағы заңдылықтардың сақталуы мәселелері туралы бірнеше тақырып қарастырылған.
/24.kz
16 мамыр 2019 ж. 1 045 0