Сайлауда зорығып өлгендер саны 272 адамға жетті

Индонезиядағы сайлау 17-сәуір күні өтті. Президентті, парлменттің қос палатасының депутаттарын және жергілікті басқарушыларды таңдау барысында екі мыңнан астам адам зардап шеккен.
Бұл сайлау әлемдегі ең көлемді түрде өткен саяси науқан ретінде тарихта қалды.
Барлық кандидаттардың саны 240 мың адамды құраған. Сайлауға қатысу мүмкіндігі бар адамдардың саны – 193 миллион. Оның 80 пайызы науқанға белсенді қатысқан.