Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауға бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінді

Сайлауға бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінді

2019-жылдың 9-маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына мемлекеттік бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында хабарланды.
Үкіметтің резервтегі қаржысынан 2019 жылы міндетті түрде жұмсалуға тиіс ақша — 9 404 771 000 теңгені құрайды. Оның 9 347 885 000 теңгесі – Орталық сайлау комиссиясына, 56 886 000 теңгесі – Сыртқы істер министрлігіне бөлінген.
Бұл қомақты қаражат Қаржы министрлігінің 12 сәуір күні бекіткен шартына сәйкес қарастырылған.
«Жоба азаматтардың билікті еркін сайлау арқылы таңдайтын конституциялық құқығын сақтауға бағытталған», — делінген хабарламада.
Бұл жоба 29-сәуір күні жалпыхалықтық талқылауға ұсынылмақ.
Айта кету керек, 9-сәуірде бұл сайлауға ОСК 12 млрд теңге сұраған, дегенмен, Қаржы министрлігі бұл цифрдің аздап қысқаруы мүмкін екенін айтқан.
Министрлік есебіне сәйкес, сайлау шығынының 70 пайызы сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалмақ.
Еске түсірсек, 2015 жылы өткен кезектен тыс сайлауға 5 млрд теңге жұмсалған.
zhasalash.kz
15 сәуір 2019 ж. 1 218 0