Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Облыс бойынша 29 мыңнан астам (29700) мүмкіндігі шектеулі жандар бар, жалпы халық санының 3,7 пайызын құрайды.
Анықтама үшін: (1 топтағы - 2890, 2 топтағы - 11106, 3 топтағы - 10776, 18 жасқа дейінгі – 4928 мүгедек балалар).
Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарды жүргізу үшін 2013 жылы «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі арнайы Жол картасы» қабылданды. Арнайы қабылданған Жол картасында белгіленген шаралар толығымен орындалды.
Жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді (РБ-2,3 млрд.теңге (9,9%), ЖБ-20,7 млрд. теңге (90,1%)).
Оларға мемлекет тарапынан ай сайын мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы (1 топ – 57020 теңге, 2 топ – 45438 теңге, 3 топ – 30886 теңге, 16-18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 1 топ – 57020 теңге, 2 топ – 47220 теңге, 3 топ – 35638 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 47577 теңге) төленіп отыр.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әзірленген жеке оңалту бағдарламалардың орындалуына облыстық бюджеттен бөлінген қаражат жылдан жылға артып отыр. 2018 жылға 558 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді (2017ж.-338,8 млн.теңге, 2016ж.-338,3 млн. теңге). Нәтижесінде, әлеуметтік оңалту шаралары 87,2 пайызға орындалды (республика 61,1 %).
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындауға 2019 жылы бюджеттен 1173,3 млн.теңге (РБ-391,6 млн.т; ЖБ-781,7 млн.т.) қаражат бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 222,0 млн.теңгеге артты.
Атауы
2018 жылы қамтылғандар
2019 жылы қамтылғандар
Санаторлы-курорттық қызмет
1267
1427
Жүріп-тұру құралдары (кресло-арба, жетек арба, балдақ, трость)
3302
3363
Сурдотехникалық құралдар
581
504
Тифлотехникалық құралдар
2448
2466
Протезді-ортопедиялық бұйымдар
2011
2045
Міндетті гигиеналық құралдар
7593
8025
15 ақпан 2019 ж. 2 051 0