Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтадан президент болуы үшін 30 млн доллар жинап қойды

Қайтадан президент болуы үшін 30 млн доллар жинап қойды

Болашақ президенттік сайлау кампаниясы үшін осы жылдың үш айында- ақ Дональд Трамп шамамен 30 млн доллар жинап қойыпты. Трамптың сайлау есеп шотындағы сома биылғы сәуір айында 40,8 млн долларға артқан. 

АҚШ президентінің айналасындағылар жариялаған материалда Трампқа әлі көмек ретінде Республика партиясының ұлттық комитеті 45,8 млн доллар беруге дайын екені айтылады. 

Осылайша, қазіргі АҚШ президентінің өз бәсекелестері мен Демократиялық партия ұсынатын үміткерден алдағы президент сайлауына түсуге қаржылық мүмкіндігі өте зор. 

Мысал ретінде айтар болсақ, демократтар арасынан президенттік сайлауға ең көп ақша жинаған Берни Сандерс. Оның есеп шотында 18,2 млн доллар бар. 
Ал келесі кезекте сенатор Камала Харрис тұр, оның қаржысы 12 млн долларды құрайды. 

Сонымен қатар келесі президенттік сайлау кампаниясында Трампқа көмек ретінде АҚШтың әр аймағындағы республикашылдар да ақша бөлуге әзір екен. Президенттің пайдасына бөлінетін қаржының орташа сомасы 34 доллардан басталады. Алайда ірі көлемдегі қаржылай көмектерін беруге дайын тұрған калифорниялық кәсіпкерлер де бар. 

Келесі президенттік сайлауға дейін Трамптың шамамен 1 млрд доллар ақша жинауы әбден мүмкін екен.
www.matritca.kz
15 сәуір 2019 ж. 1 127 0