Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КІМ ТҮСЕ АЛМАЙДЫ – ОСК ЖАУАБЫ

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КІМ ТҮСЕ АЛМАЙДЫ – ОСК ЖАУАБЫ

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде сағат 18:00-де аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі туралы қаулыны бекітті.
"Сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, мына адамдар президенттікке кандидат бола алмайды: 
  • заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылығын жасағаны үшін кінәсін заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.
  • соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды тағы бір мәрте еске салды.
Тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толмаған, мемлекеттік тілді меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жылда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлауға түсе алады. Конституциялық заңда президенттікке кандидатқа қосымша талаптар қойылуы мүмкін.
Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.
Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру тәртібі көрсетілген.
Алдымен, республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының отырысы өтіп, кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме жасалады.
Құжат кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты да тапсыру керек. Үміткердің қойылатын талаптарға сай болуы бес күн ішінде анықталады.
Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы нысаны Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі нысанымен бекітілген. Өтінішке үміткердің өмірбаяны, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Құжаттардың толық пакеті болған кезде, Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды.
ult.kz
12 сәуір 2019 ж. 1 494 0