Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділ сайлау өтеріне сенімдімін

Әділ сайлау өтеріне сенімдімін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Үндеу жасады. Үндеуді бұқаралық ақпарат құралдарынан тыңдап, хабардар болдық.
Ел Президенті кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдай отырып, өте маңызды шешім қабылдады деп айта аламыз. Дамудың даңғыл жолындағы мемлекетіміздің болашағы үшін сараланып қабылданған шешімнің алар орыны ерекше болмақ. Әлемдік ахуалдың бұлыңғыр кезеңінде сайлау өткізіп, сырты байланысты нығайта отырып, алдағы уақытта атқарылуға тиісті түрлі бағдарламаларды одан әрі жалғастыру басты мақсат болып саналады. Сондай-ақ, көптеген ұлт мекен ететін қазақ еліндегі тұрақтылықты бұзбай, жарқын болашаққа бастайтын басшыны демократиялық түрде таңдау міндетіміз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Үндеуіне үн қосып, қолдау білдіруді Қазақстан Республикасының азаматы ретінде борышым санаймын.
Виктор Чумаш,
№13 орта мектебінің мұғалімі.
09 сәуір 2019 ж. 1 195 0