Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр қазақстандықты ойлантуы керек

Әр қазақстандықты ойлантуы керек

         Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің келешегі үшін маңызы ерекше Үндеуін жариялады. Үндеуде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын биылғы 9 маусымда өткізу туралы мәлімдемесін жасады.  Әрине, ел күтпеген мәселе болғанымен ертеңіміз үшін аса қажетті шешім деп есептеймін.
         Мемлекет басшысы бұл жан-жақты талқылап, кеңесіп жасалған келісім екенін айтты. Бұл Елбасымен, палата спикерлерімен, Үкімет басшысымен және Конституциялық кеңестің ұйғарымымен жасалған қадам. Сондай-ақ, Үндеуде қазір әлемдегі ахуалдың айқын еместігі, осындай сәтте сын-қатерлердің алдын-алу үшін Президент сайлауын өткізу маңызды екендігі айтылды. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы саясаттағы тұрақтылықты сақтау үшін осындай қадамға барып отырғанын жеткізді. Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламалар мен байыпты бастамаларды лайықты жалғастырып, нәтижелі жүзеге асырудың да маңызы зор. Сондықтан кезектен тыс сайлау байыпты жүзеге асуы қажет.
         "Береке – бірлікте" деген дана халқымыз. Президент сайлауын абыроймен өткізу әрбір қазақстандықты ойлантуы керек деп есептеймін.
Аманжол Жолмағамбетұлы,
КСРО және ҚР халық ағарту ісінің
озық қызметкері. 
09 сәуір 2019 ж. 998 0