Тоқаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог айтып берді

"Кеше кез келген адаммен ешқандай кедергісіз байланыс орнатуға болатын сондай жайлы күн болды", – дейді ол.
Сондай-ақ маман президент боп үлгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнін де екшеп көрді. Ол кісі 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген екен."17 – жұлдыздар мен жаратушының саны. Сол секілді, қараңызшы, бүгінгі күн де бірігу, жаңа жол символын білдіреді. Яғни, бұл күн қазақстандықтардың бір отбасы секілді жарқын болашаққа бірге қадам басуға әзір екенін көрсетеді", - дейді Кальницкая.
Президент сайлауын, нумерологтың пікірінше, сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында өткізген дұрыс. Өйткені бұл кезеңдегі даталарда билік пен заңның күші бар. Сондай-ақ мемлекет басшысын сайлауға нумеролог тамыз айы жақсы келетінін айтады. Өйткені бұл ай әділдік айы боп табылады екен.
Айта кетсек, кеше – 19 наурызда кешкі сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатындығын жариялады. 20 наурызда түсте парламент қабырғасында жаңадан президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Қазақстанда сайлау өтіп, жаңа президент тағайындалғанша оның өкілеттігі заңды боп табылады.