Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » НУМЕРОЛОГ КЕҢЕСІ: 2019 ЖЫЛ СӘТТІ ӨТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

НУМЕРОЛОГ КЕҢЕСІ: 2019 ЖЫЛ СӘТТІ ӨТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Нумеролог 2019 жылдың қандай болатынын болжай келе, адамдарды кей нәрседен сақтануға шақырды. Жылдың табысты болатынын айтты.

2019 жыл сары жер доңызы жылы болғандықтан әр адамға кеңесімді айтқым келеді дейді Бауыржан есімді нумеролог.
2019 жылы 3 саны қуанышқа кенелтуі мүмкін. Үштік Юпитер планетасына жатады. Юпитер өсу мен табыстың планетасы. Сондықтан жаңа жылда табысты адамдар көп болады. Көпшілігі байып, мансабы жоғарылайды.
1-кеңес
Әр жылдың алғашқы 12 күнінде ежелгі астрологиялық ғалымдардың даналығына жүгінуге болады. (Әркімнің туған күнін есептеу керек)
Яғни, жылыңыздың қалай өтетіні, алғашқы 12 күнді қалай өткізетініңізге байланысты. Егер сәтті болғанын қаласаңыз, алғашқы 12 күнді жақсы көңіл-күймен өткізіңіз. Ешкіммен ұрыспаңыз. Асығыс қадам жасамаңыз. Маңызды шешімдер қабылдамаңыз. Кейінге қалдырыңыз. 12 күн бойы тынығыңыз. Білім алуға, хоббимен айналысуға, отабсыңызға көңіл бөліңіз. Көтеріңкі көңіл-күймен жүріңіз, кітап оқыңыз, суға шомылыңыз, киноға барыңыз. Егер жаман көңіл-күйде өткізсеңіз, әркіммен ұрыссаңыз, жыл бойы күйзелісте, уайыммен жүресіз.
Абайлаңыз. 2-кеңес
Сары жер доңызы жылында алаяқтар, атеистер өзгеге зиян келтіре отырып, қандай да бір келісім жасауға тырысады. Сондықтан сақ болыңыз. Жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек.Бір нәрсе сатып аларда ақылдасып, сұрап барып қадам жасаңыз. Құжатын жіті тексеріңіз.
3-кеңес
Доңыз жылы – ақша жылы. Ай толған күні ақша құюға тырысыңыз.
Stan.kz
03 қаңтар 2019 ж. 1 349 0