Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауы туралы уақыты келгенде сөйлесеміз деді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына әлі екі жыл бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі.
Жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын өткізу мерзіміне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, парламентті мерзімінен бұрын қайта сайлауға ешқандай негіз жоқ. Олар өздерінің заң шығару рөлін атқарып отыр.
«Кеше біз жылды қорытындыладық. Біздің ұсынып отырған жаңа бағдарламаларымыз, бағытымыз, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету – бәрі сәтті өтіп жатыр», — деді Назарбаев.
Президент бүгінгі таңда Қазақстанда жеті партия жұмыс істейтінін атап өтті.
«Менің білуімше, Парламенттің мерзімі 2021 жылға дейін, осы уақытта сайланады. Ал президенттің сайлауы – 2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар. Біз не айтып отырмыз? Уақыты жақындағанда, сөйлесеміз», — деді мемлекет басшысы.
www.qazbrand.info
28 ақпан 2019 ж. 1 758 0