Тоқаевтың президент қызметіне ресми түрде қашан кірісетіні белгілі болды

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 48 бабы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттілігі алдағы уақытта парламент сенатының төрағасына өтеді. Ол бұл лауазымға Қазақстан халқының алдында ант бергеннен кейін кіріседі.Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында ертең 20 наурызда сағат 12:00-де өтеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті мәлімде жасап, президент ретіндегі өкілеттілігін тоқтатанын хабарлаған.
Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының міндетін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқаратын болады.