Тұңғыш президенттің көмекшісі тағайындалды

«Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», – делінеді құжатта.
Айта кетсек, бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.