Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәсімовке жоғарғы арнаулы атақ берілді

Мәсімовке жоғарғы арнаулы атақ берілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жоғарғы арнаулы атақ алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
"Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін", - делінген құжатта.
Сонымен қатар, Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа генерал-майор атағы берілді.
Кәрім Мәсімов туралы не білеміз. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы 15 маусымда Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші болып бастады.
Әр жылдары Қазақстанның транспорт және коммуникация министрі, Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары, президенттің көмекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.
Екі рет Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалады. 2016 жылдың 8 қыркүйегіндее Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басшысы қызметіне келді
Марапаттары: 201
0 жылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордені; 2004 жылы – "Құрмет" ордені және медалі; 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі; 2015 жылы - Халықтар достығы ордені; 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені.
sputniknews.kz
18 наурыз 2019 ж. 1 427 0