Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуі жөнінде пікір білдірді

"Президенттің Үкіметті отставкаға жіберу жөніндегі шешімі өте орынды. Қазақстанда қалыптасып отырған жаңа ахуал өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын талап етуде. Парламент Сенаты өз жұмысына өзгерістер енгізеді" , - деп жазған Тоқаев Twitter парақшасына.
Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің отставкаға кетуі жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.
kaz.nur.kz