Тоқаев полицейлерді кезектен тыс аттестаттау туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" жарлығына қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 3-тармақ жаңа редакцияда жазылады.
"3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын", - деп жазылған жарлық мәтінінде.Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
kaz.nur.kz