Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін мәлімдеді

Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Президенттің сөзінше, сайлау биылғы жылдың 9 маусымында өтеді. 
«ҚР кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасы спикерімен, премьер-министрімен кеңестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық», - дейді мемлекет басшысы.
Өз сөзінде Тоқаев сайлаудың әділ өтетінін атап өтті.

stan.kz
09 сәуір 2019 ж. 1 474 0