Головкин жекпе-жегін сайлау учаскелерінде көрсетпек. Не ойлағандары бар?

"Таңғы сағат 7:00 мен 10:00 арасында біздің танымал боксшымыздың жекпе-жегінің өтетінін ескере отырып, біз дауыс беру залынан тыс жерде Головкиннің жұдырықтасу сәтін тікелей эфирде көрсетуді ұйғардық", - дейді әкім орынбасары.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен 9-маусымда қазақстандық боксшы жауырын жерге тимеген канадалықпен рингке шығады. Дәл осы күні елімізде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтпек.