Головкин алдағы жекпе-жегі қарсаңында ашық жаттығу өткізді

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN-мен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болады.