Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жалақы үшін емес, ар-ұяты үшін жұмыс істеуге келді" - Журналист Головкиннің жаңа бапкері жайлы

"Жалақы үшін емес, ар-ұяты үшін жұмыс істеуге келді" - Журналист Головкиннің жаңа бапкері жайлы

ESPN-де жұмыс істейтін америкалық журналист Стив Ким орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жаттығу лагері жайлы мәлімет айттыГоловкин бұл лагерьде 2010 жылдан бері жұмыс істеген Абель Санчеспен емес, жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен дайындалып жатыр.  Головкин 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекке Бэнкспен жаттығады. Кездесу 164 фунт аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.  "Соңғы уақытта Бэнкспен көп тілдестім. Өте қызық әрі ақылды жігіт. Головкинмен жалақы үшін емес, өз ар-ұяты үшін жұмыс істеуге келген. Ол Головкинмен өткен алғашқы спарринг-сессияда арасы 30 секундтық үзілісі бар алты төртминуттық раунд өткізуді қалағанын айтты. Ал Бэнкс нағыз жекпе-жектегіндей бір минут демалып, үш минуттық он рауд өткізуді талап етті. Головкин оны орындады.  Бэнкс раундқа қосымша минуттар қосылған жекпе-жекке сенбейді, себебі ондайда спортшы жасанды әрекет етеді деп санайды", - деп жазды Ким Twitter желісіндегі парақшасында.

21 мамыр 2019 ж. 796 0