Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин жекпе-жекке бір ай қалғанын еске салды

Головкин жекпе-жекке бір ай қалғанын еске салды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жекке бір ай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Бұл туралы GGG Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Головкин мен Роллстың кездесуі басты жекпе-жек болатын бокс кеші 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бұл 9 маусымда таңертең болады. Жекпе-жек келісілген 164 фунт салмақ бойынша өтеді. 37 жастағы қазақстандық үшін бұл жекпе-жек DAZN стримингтік сервисімен келісім-шарт бойынша, алты кездесудің біріншісі және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен болған даулы жекпе-жектен кейінгі бірінші болады. Бұл шоудың андеркартында тағы екі қазақстандық өнер көрсетеді - Әли Ахмедов пен Данияр Елеусінов.
https://kaz.tengrinews.kz

09 мамыр 2019 ж. 880 0